Ереванда ТМД елдерінің жастар саясаты талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 7-8 қарашасында Ереванда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ереванда ТМД елдерінің жастар саясаты талқыланады

Кездесуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2020 жылға дейінгі Халықаралық жастар ынтымақтастығы сратегиясын іске асыру және 2021-2030 жылдарға осындай стратегияны әзірлеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылау жоспарланып отыр.

Кеңес мүшелері «ТМД-ға 100 идея» Халықаралық жастар жобасын жүзеге асыру және Достастық елдерінің жастар еріктілер қозғалысына қолдау көрсету мәселелерін қарастырады.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ұйымдары форумын дайындаудың түрлі аспектілері, жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша ТМД елдері ұйымдарының ынтымақтастығы талқыланады.

Отырыста кезекті мерзімге Кеңес төрағасы сайланады.