Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше елдерде террорлық және экстремистік деп танылған ұйымдардың тізімі келісілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда 8 маусымда ҰҚШҰ Қауіпсіздік Кеңестерінің Хатшылар Комитетінің отырысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде террорлық және экстремистік деп танылған ұйымдардың тізбесі келісілді.

Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше елдерде террорлық және экстремистік деп танылған ұйымдардың тізімі  келісілді

Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ҚКХК отырысы армян тарапының төрағалық етуімен өтті. Отырыста терроризммен күрес саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту бойынша қосымша шаралар туралы баяндамамен ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа шықты.

Ұйым сайтында хабарланғандай, ҰҚШҰ мемлекеттерінде террорлық және экстремистік деп танылған ұйымдар тізбесі ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында олардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша үйлестірілген әрекеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.  ҰҚШҰ бас хатшысы Бордюжа ҰҚШҰ-ға мүше елдерде террорлық және экстремистік деп танылған ұйымдар тізбесі  90-нан астам атауды қамтиды. Ол «2009 жылы тізбе - 32, 2010 - 47, бүгінде 92 лаңкестік ұйымды қамтып отырғанын» баса айтты.

Отырыс барысында 2025 жылға дейінгі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының жобасы толықтай келісілді. Бұл туралы Николай Бордюжа қорытынды баспасөз конференциясында мәлімдеді: «Құжат ҰҚШҰ елдеріне қазіргі жағдайларда туындаған  жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимылға бағытталған», - деп атап өтті ол.

Жиын барысында ҰҚШҰ мүше мемлекеттер өкілдерінің 2016 жылдың екінші жартысына арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі консультациялар жоспары бекітілді. Есірткіні медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу, науқастарды емдеу, сауықтыруға байланысты мәселелер бойынша ҰШҰ-ға мүше  мемлекеттердің бас наркологтарының үйлестірілген мәжілісінің қызметі туралы мәселе қаралды, мемлекеттер арасындағы наркологиялық қызметтер арасында ақпараттық материал алмасу болды.

2016 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етеді.