Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еревандағы атыс: Полиция қызметкері қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда патрульдік-күзет қызметі полкінің ғимаратын басып алған қарулы топ оқ жаудырды, деп мәлім етті Армения полициясы баспасөз қызметінің басшысы Ашот Агаронян.

 Еревандағы атыс: Полиция қызметкері қаза тапты

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Атыс салдарынан  350-400 метрдей жердегі машинада болған полицей ажал құшты, деп жазды Агаронян Facebookтің әлеуметтік желісінде. Ол мерт болған адамның есімін айтты. Бұл - 1986 жылы туған Юра Тепаносян.

Тепаносян - осы патрульдік-күзет қызметі полкінің ғимаратын басып алғаннан бергі ажал құшқан екінші полиция қызметкері. Алғашқысы - полковник Артур Ваноян. Ол осы ғимаратқа шабуыл кезінде қаза тапқан еді.