Еревандағы оқиғалар Қазақстан мен Арменияның экономикалық қарым-қатынасына әсер етпейді - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еревандағы оқиғалар Қазақстан мен Армения арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа әсер етпейді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов осындай пікірін жеткізді.
«Менің ойымша, Еревандағы оқиғалар екі елдің экономикалық қарым-қатынасы әсер етпейді деп ойлаймын, себебі, Армения мен Қазақстан арасындағы сауда айналымның көлемі аса үлкен емес. Сондықтан, Армениядағы оқиғалар Қазақстанға аса ықпалын тигізбейді. Оның үстіне, осындай оқиғалардың лебі кез келген экономикалық ынтымақтастыққа жолды жаппайды. Яғни, қандай да бір көшедегі акцияларға қарамастан, егер сауда бар болса, ол жалғаса беруі керек. Өйткені, ол сол саудаға қатысушы тараптардың экономикалық мүддесіне қызмет етеді», - дейді сарапшы.
Сондай-ақ, В.Додоновтың айтуынша, Еревандағы оқиғалар Еуразииялық одаққа мүше елдердің де экономикасына әсер ете қоймайды, себебі, Армения бұл одақтағы кішкентай экономикалардың бірі. Яғни, В.Додоновтың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде Армения экономикасы «шағын», сондықтан да, бұндай оқиғалардың ықпалы нолдік деңгейге тең.
«Бірақ, Арменияның ұлттық валютасында өзгеріс болуы мүмкін. Дегенмен, толқулар бәсеңдеген соң, бағам қалпына келуі керек», - дейді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні таңертең Ереван қаласындағы Эребуни ауданында орналасқан полиция қызметінің патрульдік бөлімінде адамдарды қаруланған топ кепілге алған болатын. Олардың талабы өз жақтастары - Жирайра Севилянның бостандығы еді. Кешенді арнайы шаралар өткен соң, бес тұтқын босаған, әлі төрт адам кепілде отыр. Арнайы қызмет пен қаруланған топ арасындағы келіссөздер әлі жалғасып келеді.