Ереванға - 2797 жыл

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің көне қалаларының бірі Ереванға 2797 жыл болды. Биыл бұл мереке кең ауқымда тойланып жатыр. Көне қалаға барлық елден туристер ағылды, ресми делегациялардың өзі 20.

Ереванға - 2797 жыл

Біздің эрамызға дейінгі 782 жылда патша Урарту Аргишти I осында Эребуни қамал-қаласының негізін қалады. Зерттеушілер айтқандай, қала Римнен 29 жылға үлкен. Мерекені тойлау тарихи ескерткіштен басталды. Арин-Берд дөңінде орналасқан мұражай-қорықтың барлық қонақтары тәтті тағамнан дәм татып, көңіл көтеріп, қол өнер шеберлерінің өнеріне тәнті болды. Республика алаңында гала-концерт ұйымдастырылады. Онда француздық шансонье Шарль Азнавур өнер көрсетеді, деп хабарлады 24.kz.