Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ереванның орталығында 20 адам қаруларын тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереваннан түскен мәліметтерге сәйкес қала орталығында полиция полкінің ғимаратын басып алған барлық 20 адам кауіпсіздік күштеріне берілді.

Ереванның орталығында 20 адам қаруларын тастады

Олар біреше адамды кепілге алып, босатқанға дейін екі апта бойы ұстап келген еді.

Қақтығыс барысында екі полиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланған болатын.

Армения қауіпсіздік күштерінің мәлімдемесінде қаруланған топ қаруларын тастап билік орындарына берілгендігі айтылады. Олардың бәрі тұтқынға алынды, деп хабарлайды Би-би-си.