Ерейментау ауданында тұрып қалған 114 көлік қар құрсауынан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысындағы Шідерті-Ерейментау-Нұр-Сұлтан тасжолында тұрып қалған 114 автокөлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерейментау ауданында тұрып қалған 114 көлік қар құрсауынан шығарылды

98 жүк көлігі мен 16 жеңіл көлікті құтқарушылар мен полицейлер, сонымен қатар қар тазалайтын техника бастап келе жатыр.

Бүгін, 29 қаңтар 7:30-да автокөлік колоннасы Ерейментау ауданы Новомарковка ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына жолға шықты.