Ерейментауда 45 жас кәсіпкер грант алып, өз кәсібін ашты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында 45 жас кәсіпкер грант алып, өз істерін ашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Виктор Радченко атап өткендей, 2018 жыл Ерейментау ауданы үшін табысты болды.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 13 миллиард теңгеден асты. Оның ішінде мал шаруашылығы саласында 11,5 миллиард теңге, егіншілік саласында 2,4 миллиард теңгені құрады», - деді аудан әкімі Виктор Радченко.

Сонымен қатар, ауданда жалпы сомасы 6,3 миллиард теңгеге 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы саласымен қатар, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес қарқынды дамып жатыр.

«Ерейментау ауданында 14-29 жас аралығындағы 4910 адам тұрады. Бұл - аудан халқының 18,4 пайызы. Өткен жылы 45 жас кәсіпкер грант алып, өз істерін ашты. Аудандағы биылғы барлық шаралар Жастар жылына арналады», - деді В.Радченко.

Соңғы жаңалықтар