Ерейментауда «Жол картасы» бойынша 85 510 мың теңге игеріледі

ШЕТАУ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының Ерейментау ауданында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған «Жол картасы» аясында республикалық және облыстық бюджеттерден 85 510 мың теңге қаржы бөлініп,

Ерейментауда «Жол картасы» бойынша 85 510 мың теңге игеріледі

соны игеру жұмыстары шешімін табуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама аясында Павловка орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауыларалық жолдарды қалпына келтіру, Сілеті ауылдық мәдениет үйін жөндеу  қолға алынып отыр. Ауқымды жұмыстардың көлемі, жауапты тұлғалар айқындалған. Нысандарда қосымша  жаңа жұмыс орындары ашылып, 61 адам жұмысқа тартылып отыр. Өңір бойынша әлеуметтік қамту бөлімінің ұйытқы болуымен жыл ішінде қосымша 238 жұмыс орыны ашылған. Сондай-ақ қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарымен 206 адам қамтылып отыр.