08:41, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Ережесіз жекпе-жек: Шахмарал Жетпісов Джефф Монсонды сұлатып салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Alash Pride командасының мүшесі Шахмарал Жетпісов Алматыда өткен ережесіз жекпе-жектің басты жарыстарының бірі -«Diamond Fight -Достық» турнирінде АҚШ-тың әйгілі спортшысы Джефф Монсоннан басым түсті.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі кездесу үшінші раундта Жетпісовтың жеңісімен аяқталды. Жерлесіміз 43 жастағы америкалық спортшыны нокаутқа жіберді. Бұл Шахмаралдың 5 кездесуіндегі үшінші жеңісі, ал Монсонның 68 кездесуіндегі 16-ыншы жеңілісі.
«Достық» турнирі дәстүрлі түрде өтетін және елдер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бәсеке, деп хабарлайды Vesti.kz.