Ережесіз жекпе-жекші қыздар көз арбасу рәсімінде төбелесіп қала жаздады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Даллас қаласында өткен UFC чемпиондары Аманда Нуньес пен қырғыз спортшысы Валентина Шевченко арасындағы  дәстүрлі «көзқарастар дуэлі» кезінде қарсыластар төбелесіп қала жаздады.

Ережесіз жекпе-жекші қыздар көз арбасу рәсімінде төбелесіп қала жаздады

Бұл туралы dayonline.ru. сайты жазуда.


UFC спортшы қыздардың көз арбасу рәсімінен видеоны Twitter-дегі өзінің ресми парақшасында жариялап, кейін ол әлеуметтік желіде тарады.

Айта кетейік, Валентина Шевченко мен Аманда Нуньес арасындағы реванштық айқас 8 шілде күні Лас-Вегаста өтетін болады. Бұл жекпе-жек турнирдің басты кездесуі болады.

«Сол соққылар үшін саған он есе көп жауап беремін. Аманда Нуньес, соңғы күндеріңді есептей бер», - деп жазды Шевченко  Instagram-да.