02:23, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы гашиш сатқаны үшін ұсталды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Қабарды-Балқар полицейлері республикада гашиш сатқан бес адамды қолға түсірді, арасында ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы да бар.

Олар Нальчиктегі бірнеше мекенжай бойынша тексеріс нәтижесінде ұсталды.
Ресей жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Қабарды-Балқарға ірі жеткізілімдер Мәскеуден әкелінген, есірткі негізінен қоғамдық бос уақытты өткізу орындарындағы жасөспірімдер мен жас азаматтарға сатылатын болған. Ұсталғандардың арасында есірткі дилерлер бандысының басшысы, Нальчиктің 22 жастағы тұрғыны болды.
Сейсенбі күні бірнеше мекенжай бойынша өткізілген тексерулердің нәтижесінде 400-ден астам бір рет қолданылатын есіртілік заттар, нашаның таңбасы бар өлшеніп оралған және жартыкелілік дайын брикеттер табылды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, бұл есірткі Ауғанстанда дайындалған.