Ерғожин Қазақстанның шаңғы спорты түрлері қауымдастығын басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның шаңғы спорты түрлері қауымдастығын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин басқаратын болды.
Бұл шешім Астанада бүгін, 10 қарашада болған Қауымдастықтың кезектен тыс конференциясында қабылданды.
Дәулет Ерғожин бұл лауазымда 2015 жылғы мамырдан бері осы ұйымды басқарып келген Өмірзақ Шөкеевті алмастырды. Бұдан басқа бүгін ұйымның вице-президенттері сайланды. Олар- Есет Ешпанов, Өмірзақ Шөкеев, Жеңіс Қасымбек, Ерболат Досаев. Бас хатшы - Асқар Валиев.
Конференцияға қатысушылар Қазақстандағы қысқы спорт түрлерін дамытудың ағымдағы мәселелерін талқылады. Бұл, әсіресе 2017 жылғы ақпандағы Жапонияның Саппоро қаласындағы Қысқы Азияда ойындары, сондай-ақ 2018 жылғы Оңтүстік Кореядағы Пьёнчен қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ерекше маңызды болмақ. Сонымен қатар конференцияда Қауымдастықтың атқарушы комитетінің жаңа жарғысы бекітіліп, құрамы сайланды.