Эрич – «Астана» сапындағы үздік ойыншы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал Whoscored.com">Whoscored.com рейтинг сайты Еуропа лигасы 1/16 финалы аясында өткен «Астана» - «Спортинг» (1:3) кездесуінің статистикалық мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық клубтың сайтына сілтеме жасап.
Ойынның үздік ойыншысы - жартылай қорғаушы Бруну Фернадеш. Ол 9,2 ұпай жинаған. Оның орталық шептегі әріптесі Желсон Мартинш 8,5, шабуылшы Сейду Думбия 7,9 ұпай жинаған.
Ал «Астана» сапынан Ненад Эрич үздік атанды. Оның нәтижесі 7,8-ге тең. Шабуылшы Патрик Твумаси 7,3 ұпай жинаса, Игорь Шитов пен елордалық команданың осы кездесудегі жалғыз голының авторына Марин Томасов 7,0 ұпайдан келеді.
Айта кетерлігі, Қарымта ойын 22 ақпан күні Лиссабонда (Португалия) өтеді.
Еске салсақ, кеше «Астана» клубы УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның «Спортингін» қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліс тапты.