Ерік Сұлтанов Петропавл қаласын абаттандыруға қатысты жұмыс барысымен танысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерик Сұлтанов Петропавл қаласында жұмыс сапары барысында ондағы жүргізілген абатандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Ерік Сұлтанов Петропавл қаласын абаттандыруға қатысты жұмыс барысымен танысты

Сәбит Мұқанов көшесінде жол жабынгдысы ауыстырылуда.Қазір Мұқанов көшесінен Парковая көшесіне дейінгі аралықта жұмысы аяқталған. «Дорожник Ашық Аспан» мердігер ұйым басшысының орынбасары Радик Аршакянның айтуынша, 25 қыркүйекке дейін «Динамо» стадионына дейінгі барлық жол пайдалануға беріледі. «Осы жердегі жұмысты біз 8 қыркүйекте бастадық. Осы жол бөлігіндегі жұмысқа 25қызметкер және 15 техника жұмылдырылды», - деді Радик Аршакян.

Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысындағы көлі айырығы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Көше ені 3 метрге кеңейтіліп, жүргіншілер мен жол аралығы жиектаспен бөлінген.

Өңір басшысы жаңа асфальт жабынды сапасын жақсы бағалады, алайда Ерік Сұлтанов су ағарлардың жасалуы да қажеттігін атап өтті. «Бәрін жақсы істепсіздер, өйткені бұл жерде көлік ағыны өте жоғары. Ал жол айырығы осы жағдайды ертке келтіреді», - деді облыс әкімі.

Бұдан кейін Ерік Сұлтанов «Нұр» мешітен барды. Оның қамқорлығындағы көпес Жаңғоразов үйі бар. Қазір сәулет ескерткіші қайта қалпына келтіруде, жұмыс биыл аяқталуы күтілуде.

«Компания Best Stroi Петропавловск» ұйымы 1-ші Кірпішті көшесіне қиыршық тас төсеп оны таптады. Оған 225 текше метр материал жұмсалды. Жергілікті тұрғындары байланыс жолына мән беріп, оны ретке келтіргені үшін өңір басшысына алғыс айтты.