06:13, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
«Эрика» дауылы Доминикаға жетіп 12 адамды мерт қылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эрика дауылы Доминика аралына жетіп, үйлерді қиратты. Дауылдан 12 адам қаза тауып, 20 адам жоғалып кетті, деп хабарлады ВВС агенттігі арал мемлекеттің премьер-министрі Рузвельт Скерриттің Твиттердегі жеке парақшасына сілтеме жасай отырып.

Премьер-министрдің айтуынша, қаза тапқандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Құйынды дауылдан бірнеше елді мекен су астында қалды. Болжам бойынша Эрика дауылы жексенбі күні таңда Флорида шататына жетуі мүмкін. Жұма күні Флоридада дауылдың жақындап қалуына байланысты АҚШ үкіметі төтенше жағдай жариялады.