Эрика Жайлауова көркем гимнастикадан халықаралық турнирде «қола» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Эрика Жайлауова көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Болгария астанасы Софияда өткен көркем гимнастикадан халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Бұл сайыста өнер көрсеткен Эрика Жайлауова үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық спортшы лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, 29.350 ұпай еншіледі. Дегенмен Эрика ұршық, доп жаттығуларында 5-орынға тұрақтады.

Турнир қорытындысына сәйкес, украиналық Полина Хороднича 30.550 ұпаймен жеңіске жетсе, болгариялық Ева Брезалиева 30.300 ұпаймен «күміс» жүлде еншіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ел спортшысы Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері атанған еді.



Соңғы жаңалықтар
Референдум