Еріктілер Астанада су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қабылдау пунктін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны Әскер Пириев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық жасау үшін қабылдау пунктін ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тұрғыны.
Әскер Пириевтің айтуынша, аталған жылу жинайтын орынды Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы ұйымдастырған. Ал ғимаратты кәсіпкер Еркін Тасмұхамбетов тегін берген.
Астана қаласы, Бейсекбаев к 23ші үй. «Баршаңыз Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарының кейбір аймақтарында табиғи жағдайға байланысты су тасқынынан xабарларыңыз бар. Бос әңгімеден-нақты іске көшіп, қол ұшын берем дегендер: ақшадан басқа әр нәрсе, яғни азық түлік, жылы киім, көрпе (таза, жыртық емес), гигиеналық заттар т.б. қабылдаймыз», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасынlа.
Қабылдау орны Астана қаласындағы Бейсекбаев көшесіндегі 23-үйде, «Қуаныш» сауда орталығында орналасқан.
Ерікті негізде көмек көрсету бойынша түрік орталығының жетекшісі Пириев мол тәжірибе жинақтаған. Екі жыл бұрын оның қайырымдылық науқанын танымал әнші Роза Рымбаеваның өзі қолдаған. Онда еріктілер Қарағанды облысындағы қызыл судан зардап шеккендерге қол ұшын созған еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін қоғам қайраткерлерінің #Тасқынкөмек хэштегі арқылы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету науқанын бастағаны хабарланды. Олардың жинау пункті Астанада Қонаев көшесі, 35-үйде орналасқан.
Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударатын болды.