07:00, 03 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Еріктілер Жайық өзенінің жағалауынан 2 тонна қоқыс жинады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінің айналасынан еріктілер 2 тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жайық өзенінің жағалауын тазалайық деген ұсынысқа 50-ден астам адам қолдау білдірді. Олардың арасында түрлі еріктілер ұйымдарының өкілдері, жай ғана қаланың тұрғындары да бар. Қоқыс қала маңындағы Балықшы ауданында полиэтилен пакеттер мен қаптарға жиналып, көліктерге тиеліп, арнайы полигонға жөнелтілді»,-деп атқарылған жұмыстар жөнінде әлеуметтік желі арқылы есеп берді еріктілер.
Бұл Атырауда еріктілер тарапынан жасалған алғашқы жұмыс емес. Олар осыған дейін ағаш отырғызу, тоғандардан шабақтарды құтқару сияқты шараларға да қатысқан болатын.