Еріктілер Жайық өзенінің жағасынан 15 тонна қоқыс жинады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Таза су айдындары» атты  табиғатты қорғау акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер Жайық өзенінің жағасынан 15 тонна қоқыс жинады

«Бугорки» саяжай учаскесінде өткен дәстүрлі акцияға әртүрлі компаниялар мен ұйымдардың 200-ге жуық өкілі, сондай-ақ еріктілер де қатысты. Бұл акцияның мақсаты -  Жайық өзенінің жағалау белдеуін қоқыстан тазарту.  Жайық  жағасында шамамен 15 тонна құрғақ қоқыс жиналды. Оған 10 көлік пен екі қайық шақырылды. Барлық қоқыстар  «Камазбен» қоқыс полигонына жеткізілді», - деді Атырау орман және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Ақжан Зұлқарова.

Айта кеткен жөн, бір айға созылған «Таза су айдындары» тазалық акциясы облыс бойынша кең көлемде ұйымдастырылып келеді.

nullnullnullnull