Ерімейтін балмұздақ шығарған ағылшындар әзірлеу әдісін құпия ұстауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ерімейтін балмұздақ шығарылды. Ол Стаффордшир графтығындағы Alton Towers паркінде сатылуда, деп хабарлайды 24.kz epochtimes.ru-ға сілтеме жасап.
None
None

Тәттінің ерекше түрін ойлап тапқан ағылшындар оны әзірлеу әдісін құпияда ұстауда. Бірақ кейбір тілшілердің қол жеткізген мәліметіне сәйкес, балмұздақтың ванильді бөлігі арнайы түрде температуралық өңдеуден өтеді екен. Ерімейтін балмұздақ авторы - шеф-аспаз Хестон Блюменталь. Ол әлемге ерекше тағамдарымен танымал болды. Атап айтсақ, ұлудан пісірілген ботқа, балықтан жасалған желе.

Соңғы жаңалықтар