09:26, 27 Қазан 2015 | GMT +5
Эрисланди Лара Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/IBO тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы кубалық Эрисланди Лара (21-2-2, 12 КО) Twitter-дегі өзінің микроблогына орта салмақтағы WBA/IBF/WBC interim/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шақырды, деп жазды sports.kz.

Лара Геннадиймен орта салмақ санатында жұдырықтасуға келіспек. Бұдан бұрын ол Головкинга қарсы бірінші орта салмақта рингке шыққысы келетінін айтқан.
Еске салсақ, Лара өзінің келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 39 жастағы словениялық Ян Завекпен (35-3, 19 КО) АҚШ-та Флорида штатындағы Майамиде «Hialeah Park Race Track» аренасында 25 қарашада өткізбек.