Ерік Мейірханов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерік Мейрханов тағайындалды.

астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Еңбек жолын халықаралық мұнай-газ компаниясында бастаған.

2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. 

Соңғы жылдары ҚР Президенті протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.