Ерік Сарыбаев СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болды
Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалған полковник Ерік Сарыбаевты таныстырды. ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
СҚО ТЖД бастығы болған Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалған болатын.
Сарыбаев Ерік Темірханұлы 1976 жылы 28 мамырда Түркістан облысы Темірлан ауылдық округінің Бөген ауылында дүниеге келген.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс", "Әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару" мамандықтары бойынша бітірген.
Осы тағайындауға дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды.