Ерке Есілдің жағасында «Дыбыс өзені» тағы да тамашаланады
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Бірегей нөмірлер, судың үстіне орнатылған сахна және өнер жұлдыздары- осының бәрі Астананың мерейтойын мерекелеу кезінде балет өнерін бағалаушыларға ұсынылады.
Биыл дәстүрлі классикалық музыка кеші 4-7 шілде аралығында тағы да ашық аспан астында өтеді, деп хабарлады елорда күнін өткізу жөніндегі медиа штабтан.
Кейінгі бес жылда «Дыбыс өзені» классикалық музыка кеші елорда үшін тек дәстүрге айналып ғана қойған жоқ, музыканттар мен музыка әуесқойларының сағына күтетін мәдени оқиғасына айналды.
Елорданың мәдениет кеңістігінде пайда болған «Дыбыс өзені» елімізде теңдесі жоқ керемет іс-шара, сонымен қатар элитарлық өнердің адамдар бойында жаппай қызығушылық оята алатындығының тағы бір жарқын дәлелі.
Осы жылдарда Есіл өзенінде орнатылған су үстіндегі сахнада симфониялық музыканың ең бір керемет бірнеше концерттері қойылды. Балеттік спектакльдер мен опера өнерінің жауһарлары орындалды. Өзен үстінде өнер көрсете отырып, әртістер танымал, көпшілікке белгілі туындыларды ұсынады, сол арқылы классикалық музыканы жете түсінбейтін адамдарға концертті қызғылықты, тартымды етіп беруге тырысады. Жыл өткен сайын судағы театр қойылымдарын тамашалаушылардың саны артып келеді. Әр кеште ұсынылатын жағалаудағы қойылымдарға 7-8 мыңға жуық көрермен қатысады.