Еркін күрес: Әлем кубогында Қазақстанның топтағы қарсыластары анықталды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Иранның Тегеран қаласында грек-рим күресінен әлем кубогы аяқталып, Қазақстан құрамасы бесінші орын алды.
None
None

Енді боз кілемге еркін күрес шеберлері шығады. 21-22 ақпан күні өтетін доданың жеребесі тартылып, құрамалар екі топқа бөлінді, деп хабарлайды «Аламан».

Қазақстан құрамасы А тобында Беларусь, Ресей, Түркия, Әзірбайжанмен белдеседі. Біздің құраманы жаңа бапкер Руслан Өмірәлиев бастап апарады.

55 кг - Шоқан Шыңғысов

60 кг - Дәулет Ниязбеков, Саятбек Оқасов

66 кг - Дәурен Жұмағазиев

74 кг - Олжас Шыңғысбаев, Нұрлан Бекжанов

84 кг - Семен Семенов, Аслан Кахидзе

96 кг - Әлихан Жұмаев

120 кг - Дәулет Шабанбай

Соңғы жаңалықтар