Еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде екінші орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Ташкент қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде екінші орын алды

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен кейін жарысты бастаған еркін күрес балуандары Қазақстан қоржынына 7 күміс, 1 қола медаль салды. Қыздар арасындағы бәсекеде бойжеткендеріміз 2 қола медальға ие болды.

Өкінішке қарай, еркін күресте 7 бірдей балуанымыз финалға шыққанымен барлығы да қарсыластарына есе жіберді.
null 

Атап айтсақ, Сұлтан Құрманалиев (45 келі), Асылхан Есенгелді (48 келі), Кенесары Тайырбек (51 келі), Әуез Сеитбаев (55 келі), Яссауи Мүхтарұлы (60 келі), Бекзат Жалғасов (65 келі), Юнус Гафуров (92 келі) сынды балуандарымыз Азия чемпионатын күміс медальмен аяқтады. Қоржынымызға түскен жалғыз қола медаль 71 келідегі Исламбек Ілиясовтың еншісінде.

Командалық есепте Қазақстанның еркін күрес балуандары 171 ұпаймен екінші орынға ие болды. Иран 196 ұпаймен бірінші орында. Өзбекстан үздік үштікте - 146 ұпай.

Қыздар арасында Марал Тәңірбергенова (40 келі) мен Нулифар Раимова (49 келі) - Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінің шеберлері де командалық есепте 138 ұпаймен екінші орынға ие болғаны туралы жазған болатынбыз.
null 

null