Еркін күрестен Еуропа чемпионын өлтіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер арасында еркін күрестен Еуропа чемпионының өлі денесі Байкал жағалауынан табылды, деп хабарлайды Лайф.
Еуропаның екі дүркін чемпионы, ресейлік Юрий Власко Байкал жағалауында түнде болған жаппай төбелес кезінде мерт тапқан.
Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі кезде спортшының өліміне қатысы үш күдікті ұсталған. Төбелес екі топтың арасында болғанын мәлімдеді. Сол топтардың бірінде белгілі спортшы болған. Үш күдіктімен қоса, Юрийдің төбелес кезінде бірге болған достарынан да жауап алынып жатыр.
Айта кетейік, жас спортшылар Бурятия астанасы Улан-Удэге жарысқа аттанған. Осы жарыста Юрий Власко бірінші орын иеленген.
Фото: vk.com/wrestbur