Еркін күрестен халықаралық турнир: Қазақстандықтар екі «қола» алды

КАСПИЙСК. ҚазАқпарат - Дағыстанның Каспийск қаласында еркін күрестен Али Алиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан еншісінде екі қола медаль бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еркін күрестен халықаралық турнир: Қазақстандықтар екі «қола» алды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, екі жүлдені де аса ауыр салмақтағы балуандар иеленді.

Олег Болтин дағыстандық Магомед Магомедовті ұтса, Юсуп Батырмұрзаев Қабарды-Балқар өкілі Тамерлан Кумышовтен басым түсті.

Айта кетейік, бір күн бұрын 74 келідегі Данияр Қайсанов турнирде бестікке енген болатын.