14:45, 10 Ақпан 2011 | GMT +5
Еркін күрестен Қазақстан мен Якутия құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 4:3 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Якутияда еркін күрестен Якутия мен Қазақстан құрамалары арасында матчтық кездесу өтті.
Жарыс 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасының күміс жүлдегері Александр Ивановтың құрметіне арналған болатын. Күрес федерациялары қауымдастығының интернет-сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, бұл кездесуде 3:4 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетті. Онда Батухан Шырақбаев (58 кг) Андрей Захаровты, Бақтияр Далабаев (66 кг) Сергей Семеновты, Семен Семенов (84 кг) Федор Ивановты, Алексей Червяков (96 кг) Евгений Алексеевті жеңіп, ел құрамасына жеңіс сыйлады. Ал Ерлан Халитов (60 кг) Альберт Семеновқа, Тимур Құрмақов (74 кг) -Валерий Большаковқа, Таланбек Ахмедов (120 кг) -Дмитрий Валеевке жеңліп қалды.