Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еркін күрестен ҚР құрамасы 5 елдің балуандарын жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда еркін күрестен Президент күніне арналған халықаралық матчтық кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен ҚР құрамасы 5 елдің балуандарын жеңді

Кубоктік форматта өткен белдесулерге Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Украина, Өзбекстан, Ресей және Иран балуандары қатысты.

Кездесу нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы үздік шығып, жеңімпаз атанды. Екінші орынға - Ресей, үшінші орынға Украина құрамалары орналасты.