Еркін күрестен Румыния турниріне қатысатын Қазақстан спортшылары аталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 29 шілдеде Румынияның Бухарест қаласында еркін күрестен халықаралық турнир басталады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылар құрамы аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
57 келіге дейін: Жахонгир Ахмаджанов, Абзал Окенов
61 кг дейін: Айтақын Асыл
65 келіге дейін: Әділ Оспанов, Әуез Сейітбаев, Азамат Шағапұлы, Рифат Сайботалов
70 келіге дейін: Дархан Есенғали, Ғалымжан Ибадулла
74 келіге дейін: Данияр Қайсанов
79 келіге дейін: Ергеш Дәулет, Жігер Зәкіров, Бейбарыс Нұрұллаұлы
86 келіге дейін: Нұржан Исағалиев, Іслямбек Ілиясов
92 келіге дейін: Әділет Дәулімбаев
97 келіге дейін: Бекзат Үркімбай, Серік Бақытханов
125 келіге дейін: Әлішер Ерғали, Жүсіп Батырмұрзаев, Олег Болтин
Фото: olympic.kz