Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Еркін күрестен ұлттық команданың бас бапкері алдағы маусым жоспарларымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев 2020 жылғы басты жоспарлармен бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Еркін күрестен ұлттық команданың бас бапкері алдағы маусым жоспарларымен бөлісті

«Биылғы маусым өз мәресіне жетті. Енді біз өте жауапты кезең – Олимпиада жылына дайындалудамыз. 2020 жылдың қаңтарынан бастап спортшылар оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 15-18 қаңтар күндері Италиядағы рейтингілік турнирге қатысамыз. Азия чемпионатының өтетін мерзімі әлі де болса белгісіз. Ал 26-30 наурыз аралығында лицензиялық турнир бар. Осы сында біз қалған екі салмақтағы Олимпиада жолдамасын еншілеуде мақсат етіп отырмыз. Сәуір айына дейінгі нақты жоспарлар осы. Жылдың ең басты спорттық оқиғасы – Токиодағы Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз», - дейді бас бапкер.

Бұл күндері еркін күрестен Қазақстан командасы АІВА академиясында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.