Эркинбек Алипсатаров: Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы «Асаба» қырғыз ҚБ төрағасы Эркинбек Алипсатаров осылай дейді.

Эркинбек Алипсатаров: Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі

«Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі - мемлекеттік тіл өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халық үлес қосып, оны меңгеруі қажет. Ол үшін ана тіліміздің қасиетін өзіміз біліп, оны қастерлеп, дәріптеп басқа ұлт өкілдеріне насихаттауымыз қажет» деп атап өтті қоғамдық бірлестік төрағасы.

Оның айтуынша, әр мәдениетті азамат үшін өз Отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білу - парыз.

«Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін оятады» дейді ол.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялаған болатын.