Еркін күрес шебері Өсімжан Дастанбек әлем чемпионатын жеңіспен бастады
АСТАНА.KAZINFORM – Қазақстандық балуан Өсімжан Дастанбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде отандасымыз украиналық Андрей Джелеппен кездесті.
ҚР ҰОК мәліметінше, нәтижесінде Өсімжан Дастанбек 3:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының келесі айналымына шықты.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде екі дүркін Олимпиада чемпионына жол берді.
Ал Зейнеп Баянова кіші финалда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Наталья Варакинамен кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз Беларусь өкілін айқын басымдықпен ұтып, 50 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеді.