Еркін күрес шеберлері елордада ел чемпиондарын анықтап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында еркін күрес шеберлері боз кілемге шықты.

Еркін күрес
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Атап айтсақ, бүгін еркін күрестен 57, 65,74,86 және 92 келі салмақта кіл мықтылар анықталады.
Ел біріншілігі Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек спорт сарайында өтіп жатыр.

III және I орындар үшін ақтық белдесулер күн сайын жергілікті сағат 18.00-де басталады. Ұлттық біріншілікте еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 600-ден астам күрес шеберлері қатысып жатыр. 

Қазақстан чемпионатының нәтижесіннен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандардың есімі белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін грек-рим және әйелдер күресінен ел чемпиондары кімдер болғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар