Еркін күрестен Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ертең еркін күрес шеберлері жарыстарын бастайды. Осыған орай бүгін жеребе тартылып, қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Париж олимпиадаси
Фото: OLYMPIC.KZ

Париж Олимпиадасында еркін күрестен Қазақстан намысын 4 балуан қорғайды.

86 келі. 1/8 финал. Азамат Дәулетбеков — Аорон Брукс (23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы)

86 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы айналымда АҚШ-тың ішкі іріктеуінде Токио Олимпиадасының чемпионы Давид Тейлордан айласын асырған Аорон Брукспен шеберлік байқасатын болды. 

57 келі. 1/8 финал. Мейрамбек Қартбай — Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан)

Ал 57 келіде Ресей спортшыларының жарыстан бас тартуына байланысты маусым айында ғана жолдамаға иелік еткен Мейрамбек Қартбай Қырғызстан өкілімен шығады. 

Еркін күрестегі қос шеберіміз ертең алғашқы белдесуін өткізеді.