10:55, 21 Қаңтар 2020 | GMT +5
Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі лауазымынан босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерлан Айтаханов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды», - делінген Ақорда сайтында.
Е.Айтаханов шаһар басшылығына 2019 жылдың 30 шілдесі келген болатын.
Президент Жарлығымен Шымкенттің жаңа әкімі болып Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов тағайындалды.