Ерлан Дауылбаев сайлауды байқау негіздерін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге «ҮЕҰ академиясы» білім беру жобасы шеңберінде сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа онлайн режимде 500-ден астам қатысуда. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сайлауды байқау негіздерін түсіндірді.

«Дауыс беруге арналған нысанда сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап дауыс беру қорытындысы шыққанға дейін дауыс санау барысына мына азаматтар қатысуға құқылы: халықаралық байқаушылар (олар аудармашымен жүруі мүмкін), шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (олардың саны шектелмейді). Отандық байқаушылар туралы айтар болсақ, әрбір саяси партиядан, басқа да қоғамдық ұйымдардан немесе коммерциялық емес ұйымдардан бір уақытта бір-бір байқаушыдан қатыса алады», - деді Ерлан Дауылбаев.

Оның айтуынша бұл талап саяси партиялардың сенімді өкілдеріне де және қазақстандық БАҚ өкілдеріне де қатысты екенін жеткізді.

«Дауыс беруге арналған нысандағы адамдар сайлау комиссиясы бекіткен ережелерді қатаң сақтауы керек. Ол ережелерде байқаушылар мен дауыс берушілердің құқықтары мен міндеттемелері нақты бекітілген. Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы комиссияның ашықтығын қамтамасыз етіп, сайлаушылардың белсенді сайлау құқығын түсіндіруі керек. Ол сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың санын қадағалап, тәртіп үшін жауапты болады, конституциялық заңдағы тәртіпті бұзып, дауыс беруге кедергі келтірген кез келген адамды нысаннан шығаруға құқылы», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар