15:31, 16 Мамыр 2023 | GMT +5
Ерлан Қарин ҚР азаматтығын алу және одан шығу өтініштерін қарады
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Отырыс барысында азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға қатысты берілген өтініштер қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ел азаматтығын алуға және одан шығуға өтініш берген адамдардың тізімі ұсынылады.