Ерлан Қарин мектептегі тәрбие бағдарламасына қатысты жиын өткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Адал азамат» атты жаңартылған тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жиын өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ерлан Қарин мектептегі тәрбие бағдарламасына қатысты жиын өткізді
Фото: Ақорда

Басқосуда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады.

Ерлан Қарин бағдарламаның негізгі міндеті өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру жұмысын жетілдіру және жүйелеу екенін айтты. Аталған жұмыс барлық білім беру мекемелерін қамтуға тиіс.

Мемлекеттік кеңесші тәрбие үдерісінде кешенді тәсіл қолдану, яғни, мемлекет, мектеп және ата-ана арасындағы тығыз ықпалдастықты жолға қою қажет екенін ескертті.

Жиын соңында тәрбие бағдарламасын мектептер мен колледждерге енгізу жұмысын жалғастыру туралы тапсырма берілді. 

Соңғы жаңалықтар