Ерлан Қарин Мереке Құлкеновпен қазақ әдебиетінің дамуын талқылады
АСТАНА. KAZINFORM — Вице-президент Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі қаламгер Мереке Құлкеновпен кездесті.
Бұл туралы Вице-президент Instagram-дағы парақшасында жазды.
— Тіл нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды тағы бір мәрте қайта пысықтадық. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, белгілі қаламгер Мереке Құлкеновпен кездесіп, Одақтың алдағы жоба-жоспарлары, жалпы отандық әдебиеттің дамуы жөнінде пікір алмастық, — делінген жазбада.
Бұдан бұрын Вице-Президент Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы арнаулы өкілімен кездескенін жазғанбыз.