Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті

АСТАНА.KAZINFORM - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанада Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Қарин Михаил Швыдкоймен кездесті
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, театр өнеріндегі мәдени алмасу жобаларына, көрмелер ұйымдастыруға және басқа да бірлескен бастамаларға назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар белсенді диалогты одан әрі жалғастырып, ортақ мәдени-гуманитарлық жобаларды дамыту ниетін растады.

Бұған дейін Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдаған болатын.

Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі аталды.

Орынбор облысы – Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум