Ерлан Қарин отандық телевизия туралы: Қазақ аудиториясының салмағы артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде қазақ тілінде жасалған жобаларға сұраныс артып келе жатыр. Бұл туралы «Қазмедиа» орталығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қазақ аудиториясының салмағы артып келе жатыр. Сонымен бірге, қазақ тілінде жасалған жобаларға деген сұраныс да көбейіп келеді», - дейді Ерлан Қарин «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының алдағы жобалары туралы айтқан сөзінде.

Ол сонымен бірге, ұлттық арнаға қатысты тағы бір көрсеткішке назар аудару керектігін атап өтті.

«Жасалған барлық өзгерістердің негізінде біз тағы бір үлкен жетістікке қол жеткіздік. Жаңа бағдарламаларды енгізу арқылы, жаңа тележобаларды жүзеге асырудың арқасында, қоғамдық, мәдени, гуманитарлық жобалардың үлесін арттырып, ребрендинг шараларының арқасында ұлттық арнаның эфирінде бағдарламалардың 80 пайызы - өзіміздің төл өніміміз болып отыр. Яғни, басқа көптеген арналарда негізінен жобалардың көбі сырттан сатылып, тіпті кейбір арналарда олардың алпыс пайызы шетелден алынса, ұлттық арнада 80 пайызы өз күшімізбен, отандық компаниялармен жасалған тележобалар», - дейді ол.
null 

Ерлан Қарин аталған көрсеткішті - ұлттық арнаның негізгі жетістігі деп атады.

«Бұл біздің телевизиялық саланың бүгінгі көрерменге лайықты деңгейдегі өнімін жасай алатын қабілетін көрсете алады. Бұл ұлттық арнаның әлеуетін көрсетеді», - деп түйді Е.Қарин.
null 

Соңғы жаңалықтар