Ерлан Қарин президенттік заң жобасы бойынша жұмыс қалай жүріп жатқанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин президенттік заң жобасы бойынша жұмыс қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде шетелдіктерге жер сату мәселесі Жер комиссиясы аясында қайтадан қарастырылуы мүмкін, билік қайта қарастыруы ықтимал деген сынды пікірлер кейде кездесіп қалады. Бұл әңгімелердің барлығы нағыз жалған мәлімет әрі спекуляция. Мәселеге қатысты пікірталасқа нүкте қойылған. 12 наурызда Президент өзінің заңнамаға бастамашылық құқығын пайдаланып, Парламентке шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым белгілейтін тиісті заң жобасын жіберген. Оны депутаттар өз жұмыстарына бірден қабылдап, бекітілген процедура аясында қарастырып та жатыр», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.

Оның атап өтуінше, аталған заң заң жобасы бойынша Мәжілісте жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына қоғам, мемлекеттік органдардың, парламенттік емес партиялардың өкілдері мен сарапшылар кірді.

«18 наурызда, парламент қабырғасында жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Бүгін түс ауа аталған топтың кезекті отырысы өтуі тиіс. Демек, процесс толық қарқынмен жүріп жатыр. Ал жер комиссиясы өзге мәселені, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану жайын қарайды», - деді ҚР Президентінің көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар