Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссия отырысын өткізді

қарин юнеско
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесті. Кazinform бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Эр-Риядта өткен Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-сессиясының қорытындылары талқыланды. Аталған сессияда Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтары ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілгені белгілі. Мұны «Тұранның суық қысқы шөлдері» трансұлттық номинациясының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынған болатын.

Ерлан Қарин Ұлттық комиссияның комитеттері мен клубтары атқарған жұмыстың нақты нәтижелерін атап өтті. Сондай-ақ биыл маусым айында ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуленің Қазақстанға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтергенін айтты. Бұдан бөлек, ел аумағындағы ЮНЕСКО нысандарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар