Ерлан Қошанов Ресей Федерация кеңесінің төрағасымен қандай келісім жасалғанын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапары барысында қандай уағдаластық болғанын айтты.

Ерлан Қошанов
Фото: Жаслан Жұмабеков

Айта кетейік, жақында Е. Қошанов бастаған депутаттар делегациясы Мәскеуде Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Бүгін Мәжілісте болған баспасөз мәслихатында тілшілер Мәжіліс төрағасынан «ресми сапар аясында ресейлік депутаттардың Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты қисынсыз пікірлеріне тосқауыл қою тақырыбы қаралды ма?» деп сұрады.

Өз кезегінде Ерлан Қошанов Мәскеудегі кездесулер барысында осы мәселе бойынша пікір алмасу болғанын айтты.

«Бұл тақырыпта Ресей Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен сөйлестік. Екі жақ осы мәселе бойынша жұмыс істейміз деп уағдаластық», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын мәжілісмен Айгүл Құспан РФ Дума депутатының арандатқыш мәлімдемесіне жауап берді. 

Сонымен қатар, 2022 жылы бұрынғы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Коммунистік партия фракциясының жетекшісі Геннадий Зюгановтың айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. 

2020 жылы Мәжіліс депутаты ресейлік депутаттар - Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоровтың мәлімдемесіне жауап берді.

Мұнымен қоса, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаров шақырылды

Соңғы жаңалықтар