Ерлан Қошанов шағын қалаларда құзырет орталықтарын құруды тапсырды
Бұл - аймақтағы алғашқы Тау-кен өндіру өнеркәсібі бойынша аймақаралық құзырет орталығы. Аталмыш алаң білім беру саласының мамандары мен жоғары білікті жұмыс кадрларын даярлайтын жұмыс берушілердің басын біріктіреді. Орталық «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ұсынған заманауи құрылғылармен жабдықталған.
- Компаниямен бізде жыл сайын кем дегенде 8-10 жоғары деңгейлі мамандарды шығаратынымыз туралы келісімшарт жасалған. Ең бірінші кезекте біз үлгерімі жоғары ең үздік студенттерді таңдап аламыз, олармен біз осы зертханаларда аптасына кем дегенде 6-8 сағат қосымша дәрістер өткіземіз. Бұл өз кезегінде қазіргі таңда шахталарда орнатылып жатқан қазіргі заманғы құралдармен жұмыс істеуде икемдерін арттыруға мүмкіндік береді. Құзырет орталығында дәріс алатын студенттер міндетті түрде «АрселорМиттал Теміртауға» жұмысқа тұрғызылады. Оларға осындай мамандар қажет, себебі жаңа жабдықтар алып, өндірістерін жаңғыртуда, және де оларға сол құрылғылармен жұмыс істей алатын қызметкерлер қажет, - дейді колледждің арнайы пәндер ұстазы Гүлнәр Садықова.
Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов танысып шықты.
- Елбасы әрдайым білім беру сапасына және студенттердің жұмысқа орналасуына ерекше назар аударады. Бұл құзырет орталығы Индустрия 4.0-ге ауысуға қатысты барлық қазіргі заманғы талаптарға сай келеді. Осындай орталықтардың арқасында жастар жұмыскер мамандықтарын меңгеріп, сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті болады. Дәл осындай орталықтарды цифрлық және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы шартында бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру қажеттілігі туралы Елбасының тапсырмасын орындау аясында шағын қалаларда да құру керек, - деп атап өтті ол.
Құзырет орталығы бірнеше аумақтардан құралады: мехатроника, робот техникасы, инженерлік графика. Оқу құрылғылары жаңғыртылған өндіріс ошақтарында қолданатын жабдықтарға ұқсас.
Мұнда студенттер цифрлау технологиялары бар заманауи кәсіпорындардың ортасында жүргендей сезініп, автоматтандыру процестерін меңгереді. Болашақ жұмыс мамандары цифрлық 3D-модельдеу, бағдарламалау және өнеркәсіптік роботтармен жұмыс істеуді үйренеді.
- Қазір барлық кәсіпорындар Индустрия 4.0-ге ауысуға тырысып жатыр. Алайда осы салада жұмыс істей алатын кадрлар өте аз. Егер құрал-жабдықтарды біз шетелден ала алатын болсақ, кадрларды өзіміз дайындаумыз қажет. Бізде осындай екі орталық болады: біреуі осында, ал екіншісі құрылыс колледжінің базасында, - деп атап өтті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Орталықта командарлардың WorldSkills кәсіби шеберлік ұлттық және халықаралық чемпионатына дайындалуына арналған полигондар жабдықталған.
Қарағанды облысында осы секілді Құзырет орталықтарының желісін құру жоспарланып отыр. Бұл алаңдар ең алдымен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға арналған инновациялық кластер болады. Тағы бір маңызды құраушы - жұмыс мамандықтарының беделін арттыру.
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі 20 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Білім ордасы алғашқылардың бірі болып дуалды білім беру жүйесін енгізген болатын - ол осымен сегізінші жыл жұмыс істеп келеді. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында колледж келесі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысуда: «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!», «Тегін ТжКБ барлығына». Студенттер үшін IT-орталықтар, құрастыру бюросы, бизнес-мектеп, энергопарк ұйымдастырылған.
Ерлан Қошанов сондай-ақ құзырет орталықтарына ауылдық жастарды да жұмылдыруды тапсырды.