Ерлан Саиров: Президенттің бастамалары Қазақстан жастарын біріктіре түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылында көтерген бастамалары еліміздің жастарын біріктіре түсері анық. Белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ендігі кезекте, студенттер, жас ғалымдар мен мамандар - саясаттың негізгі өзегі деп айтуға болады. Біздің осы салаға мән беруімізді дұрыс қадам деп айтар едім. Тың бастамалар бойынша жастарға пәтер беріліп, бизнес пен ғылыми жобаларды дамыту үшін қаражат бөлінетін болады. Мұндай қолдау жастарға сенімділік бере түсері айқын. Президенттің бұл бастамалары жастарды біріктіре отырып, жастардың тәуелсіз әрі ақылды шоғырын қалыптастырады. Біз бүгін жастарға көмек қолын соза отырып, мемлекетіміздің іргетасын бекемдеп жатырмыз», - дейді Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, Президенттің қатысуымен Қазақстанда Жастар жылы ресми түрде басталған болатын. Мемлекет басшысы Астанада ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты шарада жас мамандар мен отбасыларды қолдауға қатысты бірқатар тапсырмаларды жүктеген еді.

«Халқы миллионнан асқан шаһарлар көбірек болғанын қалаймын, себебі осындай қалаларда білім беру, ғылым мен мәдениеттің даму қарқыны жоғары болады. Сарапшылардың айтуынша, әлемнің 600 ірі қаласы әлемдік өнімнің 60 пайызын өндіру көрсеткішіне жетеді. Бізде ірі шаһар ретінде Алматы ғана болған еді, енді Астана мен Шымкент те осы деңгейге жетті. Тағы да екі қала осындай межеге жету алдында тұр. Осы ірі қалаларда жылына 1 мыңнан кем емес пәтер жұмыс істейтін жастар үшін салатын боламыз», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке берген тапсырмасында.

Соңғы жаңалықтар