Ерлан Сайыров: Халық өз таңдауын жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров Қазақстандағы 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Сайыров: Халық өз таңдауын жасады

«Бұл сайлауды - бұрынғы сайлауларға қарағанда бірегей деп айтуға болады. Қоғамның саяси күш-жігері, саяси санасы өскен. Осы сайлауды біздің еліміз, біздің қоғам кейбір мемлекеттер он жылда өтетін саяси мәдениеттің жоғарылау процесінен өтті деп айтуға негіз бар. Халық өз таңдауын жасады. Менің ойымша, сайлау - халықаралық стандарттарға сай өтті. Сондықтан, осы жеңіс заңды. Бірақ, осы жеңістен кейін біздің елімізде саяси реформалар басталуы керек», - деді Ерлан Сайыров.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария еткен болатын.

«Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын жинады», - деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.